Accessibility links

Қазақстан Олимпиадада алғашқы алтынға қол жеткізді!


Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық 20 жасар ауыр атлет Илья Ильин 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жиынтық 406 келі салмақты көтеріп чемпион атанды. Ол жұлқа көтеруден 180 кг, сілтей көтеруден 226 кг салмақты басынан асыра ұстап, бақталастарынан озды. Күміс жүлдені Польша атлеті Сизмон Колески, қола медальды Ресей спортшысы Қажымұрат Аққаев иемденді.
Бүгін сондай-ақ, әйелдер арасында еркін күрестен 63 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық Елена Шалыгина үшінші орын үшін өткен айқаста француз Лиз Гелье Леграннан күш асырып, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақыт Сәрсекбаев 69 келіге дейінгі салмақта Өзбекстандық Дильшод Махмудовты 12:7 есебімен жеңіп жартылай финалға шықты.

Сөйтіп, әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.
XS
SM
MD
LG