Accessibility links

Ауғанстан Мушаррафтың биліктен кетуіне қуанады


Ауған үкіметінің өкілі Пәкістан президенті П.Мушаррафтың бүгінгі биліктен кетуі терроризмге қарсы екі жақтың да пәрменді күресуіне жағдай туғызады деп мәлімдеді. Сұлтан Ахмад Бахиннің айтуынша, ауған үкіметі Мушаррафтың биліктен кетуі Пәкістандағы демократия мен азаматтық билікті нығайтады деп үміттенеді.
Ауған шенеунектері, оның ішінде президент Х.Қарзайдың өзі Пәкістанды, оның барлау қызметі мен армияның басқа да бөлімдерін “Талибан” қозғалысы мен “Әл-Қаида” ұйымын қолдайды деп талай рет айыптаса, Пәкістан оны теріске шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG