Accessibility links

АҚШ Ресей әскерінің кетіп жатқанын байқамады


Ресей әскері бейбіт жоспарда көрсетілген шебіне қарай шегіне бастады. Ол туралы бүгін Мәскеуде Бас штаб бастығының орынбасары А.Ноговицын хабарлады.

Алайда Грузияның İшкі істер министрлігі Ресей әскерінің Грузиядан шығып жатқанын байқамағанын мәлімдеді. Ресей президенті Д.Медведев өз әскерін Грузиядан бүгін шығара бастауға уәде берген болатын.

НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің төтенше басқосуы қарсаңында бүгін АҚШ делегациясының өкілі өзінің аты-жөнін атамай, “әзірше АҚШ Ресей әскерінің Грузиядан кетіп жатқанын байқамады” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG