Accessibility links

Алматыда Азия Кеңесінің Министрлік кездесуі өтеді


25 тамызда Алматыда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесінің 3-ші Министрлік кездесуінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасайды, деп хабарлайды Қазақстан Сыртқы істер министрлігі. Кездесуге Азия Кеңесіне мүше 21 мемлекеттің, 6 бақылаушы және 1 қонақ елдердің, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Күн тәртібіне сәйкес, Министрлік кездесуінің барысында Азия Кеңесі Хатшылығы және оның құрамының құқық қабілеттігі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенция, сонымен бірге «Азия Кеңесінің сенім шараларын іске асыруындағы ілгерілемесі» атты Декларация және Кездесудің Шешімдері деген қорытынды құжаттар қабылданбақшы.
Сонымен бірге, Иордания Хашимиттік Корольдігін, Біріккен Араб Әмірліктерін және Қатар Мемлекетін Азия Кеңесіне жаңадан мүшелікке қабылдау рәсімі өткізіледі.
XS
SM
MD
LG