Accessibility links

Сенатқа депутат болуға үміткерлер саны 60 адамға жетті


Қазіргі уақытта Қазақстан Парламенті сенатының депутаттығына үміткер ретінде ұсынылғандар саны 60 адам болып отыр, деп хабарлады тамыздың 19-күні Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова. Олардың 14-ін жергілікті мәслихаттар ұсынса, 46 адам кандидаттыққа өзін өзі ұсынған.
Кандидаттыққа ұсынылғандардан 10 адам Оңтүстік Қазақстан облысынан, ал Астанадан әзірге бір ғана үміткер бар екен.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қыркүйектің 3-іне дейін жалғасады. Қазақстанда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2008 жылғы қазанның 4-іне белгіленген.
XS
SM
MD
LG