Accessibility links

«Арна Медиа» холдингіне басшы тағайындалды


«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы болып Ерлан Байжанов тағайындалды. Ол былтырғы ақпан айынан Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.

Биылғы шілде айында үкімет қаулысымен құрылған ұлттық холдингтің құрамына мемлекеттің иелігіндегі «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттері, Қазақ ақпарат агенттігі, КАТЕЛКО байланыс компаниясы, Қазтелерадио, «Жас өркен» және «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері кіреді.
XS
SM
MD
LG