Accessibility links

Грузиядағы Ресей әскері 22 тамызда ғана кетеді


Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Грузиядан орыс әскерін дереу шығаруды талап ететін Қарардың Франция ұсынған жобасын қабылдамады. Кеңестің ашық мәжілісінде сөз сөйлеген Ресей елшісі В.Чуркин: “Жоба Францияның мәмілегер болуымен Грузия және Ресей қол қойған 6 тараудан тұратын бейбіт жоспарды қамтуға тиіс”, -деп мәлімдеді.
Өткен сейсенбі күні Ресейдің соғыс техникасы Грузияның маңызды Гори қаласын тастап шықты. Бірақ НАТО альянсы орыс әскері Грузиядан толық кетпей, Ресеймен арадағы қатынасын уақытша доғаратынын ескертті.
Кремлдің хабарлауынша, президент Д.Медведев орыс әскерінің 22 тамызда кейін шегінетінін айтқан.
XS
SM
MD
LG