Accessibility links

Ереванда Азаттық тілшісі таяққа жығылды


Армения астанасында Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ереван бюросының директоры Грах Мелкумянға қасры қастандық жасалды.
Журналист кешкісін үйіне қайтып келе жатқанында оның есімін атаған белгісіз біреу радионы балағаттайтын сөздер айтып, оны сабаған. Мелкумянның басы мен арқасына зақым келіп, тістері сынды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джеффри Гедмин бұл оқиғаны біздің тілшілерімізді нысанаға алған қасақана шабуыл деп бағалап, армян үкіметін қастандыққа тиянақты тергеу жүргізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG