Accessibility links

Үлескерлер қаржы полициясына талаппен келді


Бүгін таңертең Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінің алдына жиналған үлескерлер «Верный.KZ» құрылыс компаниясының әкімшілігіне қатысты қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізуді талап етіп, үндеу жасады. Қаржы полициясы болса компания құрылтайшысы әрі басшысы болған Жанат Ақбиевтің тамыздың 12-інен бері із-түссіз жоғалып кеткенін айтады.
Кезінде аталған компанияға көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін алдын-ала ақша төлеп қойғанымен, уәделі мерзімде не пәтер, не салған ақшаларын қайтара алмай жүргеніне наразы тұрғындар, Ақбиевтің иелігіндегі қымбат коттедждің жақында сатылғаны жайында ақпаратты естігендерін айтып, оның меншігіндегі барлық мүлікті тұтқындауды қаржы полициясынан талап етті.
XS
SM
MD
LG