Accessibility links

Ауғанстанда 10 бейбіт тұрғын мерт болды


Ауғанстанның оңтүстігінде сәрсенбі күні канадалық 3 инженер жол бойына қойылған бомбаға түсіп қаза тапса, тағы бірі жараланды.
Ауған үкіметінің хабарлауынша, шығыстағы Лагман облысында АҚШ басқаратын коалициялық күштердің әуе соқысынан кем дегенде 10 бейбіт тұрғын мерт болды. АҚШ армиясының өкілі одан бейхабар екенін айтады.
Одан бұрын әскерилер сәрсенбі күні Лагман облысында ауған армиясымен бірлесіп өткізген операцияның барысында 30-дан астам тәліптің көзі жойылғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG