Қазақстан президенті үкіметке экономиканың еңбек күштеріне деген мұқтаждығын болжайтын жүйені қалыптастыруды тапсырды. Бұл тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысының Рудный қаласында бүгін басталған Халықаралық еңбек форумында берді.
Президент, сонымен қатар, кәсіпкерлерді техника саласының мамандарын дайындауға белсенді атсалысуға шақырды.
"Әлдеқайда икемді, ашық, үнемі дами беретін техникалық және кәсіби білім беру жүйесін құруға отандық кәсіпкерлердің де белсенді атсалысатын уақыты келді," -деп атап көрсетті Қазақстан президенті.