Accessibility links

Пәкістан президенті 6 қыркүйекте сайланады


Пәкістанда жаңа президент сайлауы 6 қыркүйекте өтеді. Өзіне импичмент жариялауға жол бермеу үшін Первез Мушарраф осы аптаның басында президент билігінен бас тартқан болатын.
Бүгін Пәкістанның сайлау комиссиясы хабарлағандай, жаңа президент - парламент пен өлкелік 4 мәслихаттың бір мезгілде өтетін мәжілістерінде сайланады.
Бұл хабарландыру коалициядағы жетекші 2 партияның кездесуі алдында жасалды. Кездесу коалицияны жікке бөлуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG