Accessibility links

Бішкекте оппозициялық газет тәркіленді


Қырғызстанда оппозициялық “Әліби” (Алиби”) газетінің жұма күнгі саны тұтқындалды. Азаттық радиосына берген сұхбатында басылымның редакторы Бабырбек Жеенбеков мәлімдегендей, қырғыз президентінің немере інісінің шағымы бойынша 28 мың доллар айыппұлды төлету үшін Бішкек қалалық соты газеттің 10 мың даналық санын тұтқындау туралы шешім шығарды.
“Әліби” газеті президент Құрманбек Бәкиевтің заң факультетінде оқитын немере інісі Асылбек Сәлиевтің кісі өлімі болған жол апатына қатысы турасында жазған еді.
Газет редакторының мәлімдеуінше, президенттің маңайындағыларға ақша емес, елдегі қырғыз тілінде шығатын жалғыз тәуелсіз газетті жабу керек.
XS
SM
MD
LG