АҚШ Демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Барак Обама өзіне вице-президенттікке Делавэр штатының сенаторы Джо Байденді таңдады.
Обаманың таңдауы туралы хабарлама Демократиялық партияны қолдаушы миллиондаған адамға SMS арқылы жіберілген.
65 жасар сенатор Байден өмірінің тең жартысын АҚШ Сенатында өткізген, сыртқы істер мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты комитеттегі ең ықпалды адам болып есептеледі.
Байден қазір Сенаттың сыртқы қарым-қатынастар комитетінің төрағасы.