Accessibility links

Қазақстан президенті Иранға араша түсті


Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша Кеңестің бүгін Алматыда басталған 3-ші Министрлік кездесуінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.
Н.Назарбаев атап көрсеткендей, “ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан жаппай ядролық қарусыздандыруға бағытталған әлемдік қауымдастықтың іс-әрекетін қолдайды”.
“Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселе тек дипломатиялық жолмен шешілуі қажет деп сенеміз”, -деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
XS
SM
MD
LG