Бүгін Қырғызстан жолаушы ұшағының апатынан қаза тапқан 65 адамды аза тұтуда.
Өткен жексенбі күні Бішкектен Теһранға қарай ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген сәтінде жерге құлап, отқа оранған болатын.
Қырғыз еліндегі соңғы 20 жылдағы ең ірі әуе апатынан 25 адам аман қалды. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, апатқа техникалық ақау себеп болғанға ұқсайды.
“Боинг-737” жолаушы ұшағы қырғызстандық жеке компанияға тиесілі болған. Ұшақ командасын қоса алғанда 90 адамның басым көпшілігі Иран азаматтары болды.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағанадай, құрбан болғандардың аты-жөндерін анықтау мақсатымен олардың ДНК клеткаларын зерттеу үшін Иран өз көмегін ұсынды.