Accessibility links

Олимпиада жүлдегерлері марапатталды


Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өткен ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Олимпиада чемпиондары - ауыр атлет Илья Илин мен боксшы Бақыт Сәрсекбаевқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді.
Күміс жүлде алған спортшылар - ауыр атлеттер Ирина Некрасова мен Алла Важенина, дзюдошы Асқат Жіткеев, еркін күрес балуаны Таймураз Тигиев «Парасат» орденімен марапатталды.
Ал қола жүлде иегерлері - Мария Гробовецкая (ауыр атлетика), Нұрбақыт Теңізбаев және Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Елена Шалыгина (еркін күрес), Еркебұлан Шынәлиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) пен Марид Муталимовтерге (еркін күрес) «Құрмет» ордені тапсырылды.
XS
SM
MD
LG