Бүгін Гаагадағы Халықаралық трибуналда Босния сербтерінің бұрынғы серкесі Радован Караджичтің қылмыстық ісі қаралады. Ол өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындайтын-мойындамайтынын айтуға тиіс.
Караджичке 1995 жылы Сребреница қаласының бейбіт мұсылман тұрғындарын жаппай қырды, Сараево қаласын 43 ай бойы қоршауда ұстап бомбалады, адамзатқа қарсы қалымыстар жасады деген айыптар тағылды.
Ол өзі сотты “мазақ” деп бағалап, қылмыстық істі жабуды талап етеді.
13 жыл бойы бас сауғалап, қашып жүрген Караджич шілде айында Сербияда қолға түсіп, Гаага трибуналына берілген еді.