Қазақстанның Израиль мен Египет Араб Республикасындағы елшіліктерінің өзара іс-қимылының арқасында тамыздың 31 күні қазақстандық 4 отбасындағы 13 адам – 4 әйел мен 9 бала Палестина Ұлттық Әкімшілігіне қарасты Газа аймағынан Мысырға шығарылды, деп хабарлады Израильдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.
Олардың жолақысы мен басқадай шығындарды «Шет мемлекеттерге заңсыз шығарылып, сауда құрбаны болған, сондай-ақ шетелдерде өзгедей қылмыстан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайда қалған ҚР азаматтарына қаржылай жәрдем беру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Мысырдағы елшілігі төлегені айтылған.