Accessibility links

Назарбаев «Еуропаға жол» бағдарламасын бекітті


Қазақстан Президенті өз Жарлығымен «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын бекіткенін бүгін елдегі ресми басылымдар хабарлап отыр. 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстанның Еуропа елдерімен және еуропалық құрылымдармен жан-жақты әріптестігін дамыту.
Президент Жарлығында Үкіметке бір ай мерзім ішінде осы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту міндеттелген.

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болады.
XS
SM
MD
LG