Accessibility links

ҰҚКҰ-на мүше елдердің мәлімдемесі


Бұрынғы Совет одағында болған 6 республиканың сыртқы істер министрлері Ресейдің Грузиядағы екі жікшілдік аймақты мойындағанына қолдау танытпады. Алайда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше бұл елдер Ресейдің Кавказдағы бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қатысты істердегі ролін қолдады. Ал Батыстың бұл жағдайға жауабына қатысты бұрынғы Совет елдері министрлерінің мәлімдемесінде “Оңтүстік Осетия төңірегіндегі оқиғалар халықаралық қауымдастықтың екі түрлі саясат ұстанып отырғанын көрсетті” делінген. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров олардың мәлімдемесі Мәскеуге ұнап отыр деп атап көрсетті. Аталмыш ұйымға Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше боп табылады.
XS
SM
MD
LG