Украинаға бүгінгі сапары барысында АҚШ вице президенті Дик Чейни ресми Киевтің НАТО-ға мүшелік жөніндегі шешіміне сырттан ешқандай ел вето қоя алмайды деді. Сәуір айындағы саммитінде НАТО одақтастары Украина елі біртіндеп ұйымға мүше бола алады деп шешті, қазір сол үдеріс жүріп жатыр, деді Чейни. Украина елі әскери басқыншылық пен қорқытулардан қаймықпастан өмір сүруі тиіс, деді АҚШ вице президенті.