Accessibility links

Зардари Пәкістан президенті болып сайланды


Қастандық құрбаны болған оппозиция жетекшісі Беназир Бхуттоның күйеуі – Азиф Әли Зардари сенбі күні өткен президенттік сайлауда басым дауыспен жеңіске жетті.
Телеарнадан берілген сөзінде Зардари өз жеңісінің демократия жеңісі екендігін айтты.
Жаңа президент 18 тамызда өз еркімен биліктен бас тартқан Первез Мүшаррафтың орнын басты.
Азиф Әли Зардари Пәкістан билігіне елде экономикалық дағдарыс тереңдеп, бүлікшілер шабуылдары етек алып тұрған шақта келіп отыр.
Бүгінгі сайлау барысында Пешавар қаласының жанында болған бомба жарылысында кемінде 15 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG