Accessibility links

Ауғанстанда 10 бүлікшінің көзі жойылды


Ауған және халықаралық күштер Ауғанстанның шығысында бүлікші деп күдіктелгендердің бекінісіне шабуылдап, олардың оннан астамын өлтірдік деп хабарлады.

Халықаралық жасақтардың мәлімдемесінде сенбідегі операция барысында күдіктілердің бірқатары қолға түсті деп жазылған.

Шабуылдар тәліптердің Хост провинциясын мекендейтін Хаққани тобына қарсы бағытталған болатын.
Жаллалуддин Хаққани тәліптердің жетекшісі Молла Омарға жақын байланыстағы советтік кезеңнен танымал көтерілісшілер командирі.
XS
SM
MD
LG