Accessibility links

Франция президенті Мәскеуге барады


Франция президенті Николя Саркози бүгін Мәскеуге барды. Ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында егер Ресей Грузиямен арадағы атысты тоқтату жөніндегі бір айлық келісімге бағынбаса, бұл оның Еуропа Одағымен байланыстарына әсер етуі мүмкін деп айтпақшы.

Саркози өткен айда Ресейді Грузияға жіберген күштерін шығаруға шақыратын келісімнің жасалуына арағайын болған еді.
ЕуроОдақ Ресейге қарсы қолдануы мүмкін кез келген шара Саркозидің Мәскеудегі келіссөздерінің нәтижесіне байланысты болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG