Accessibility links

АҚШ әуе шабуылына қатысты қайта тергеу жүргізеді


АҚШ әскерилері өткен айда Ауғанстанның батысында орын алған әуе шабуылына байланысты тергеу ісін қайта бастамақшы.
Ауған үкіметі тамыздың 22-де Херат өлкесінің Шинданд ауданында АҚШ жетекшілігіндегі коалиция әуеден соққы берген кезде 90-нан астам қарапайым тұрғын қаза тапты, олардың көбі әйелдер мен балалар еді деп айыптаған болатын. Бұл айыптауларды басында АҚШ әскерилері жоққа шығарған-ды.
XS
SM
MD
LG