Accessibility links

Ресей - Венесуэла әскери жаттығулары


Ресей мен Венесуэла бірлескен әскери теңіз жаттығуларын өткізуі мүмкін.
Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Андрей Нестеренконың хабарлауынша, Ресейдің әскери кемелері Венесуэлаға осы жылдың аяғына дейін барады деп жоспарланған. Венесуэла президенті Уго Чавес жексенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде Кариб теңізіндегі жаттығулар қараша немесе желтоқсан айларында өтеді деп жариялады. Нестеренконың айтуынша, жоспарланып отырған бірлескен жаттығулар ешбір үшінші мемлекетке бағытталмаған.
XS
SM
MD
LG