Accessibility links

Ресей әскері Грузия жерінен таяу күндері кетеді


Еуропа Одағы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қосымша бақылаушылары Абхазия мен Оңтүстік Осетияның айналасына орналасады.
Бүгін Мәскеудегі брифингте Ресей сыртқы істер министрі С.Лавров мәлімдегендей, екі аймақтың ішкі жеріндегі халықаралық бақылаушылардың саны – соғыс жанжалы басталған 7 тамызға дейінгі қалпында қалады.
Лавровтың айтуынша, осы аумаққа қосымша бақылаушыларды орналастыру мәселесі аймақтардың келісімімен шешілуі керек.
Ресей министрі, сонымен қатар, Грузияның Гори және Поти қалаларынан Ресей әскерінің таяуда күндері кейін шегінетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG