Accessibility links

Серік Бүркітбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды - газет


Қазақстанның Экономикалық және коррупциялық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі «өзгенің мүлкін жеке бас пайдасына жаратқан немесе талан-таражға салған» деген айыппен қылмыстық іс қозғаған бір топ адамның арасында Серік Бүркітбаев та бар деген ақпарат таратты бүгін «Время» газеті. Қазір оның үйқамақта отырғаны жазылған.

Осы аптаның басында елдегі ақпарат құралдарында Астанада Бүркітбаевтың қамауға алынғаны туралы хабар тарағанымен, заң орындарының ешқайсысы оны растаған да, жоққа да шығармаған еді

Биылғы мамыр айында Қазақстан үкіметінің ұсынысымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті болып тағайындалған Серік Бүркітбаев тамыздың ортасында аяқ астынан қызметінен алынған болатын.
XS
SM
MD
LG