Accessibility links

Қазақстан экспортқа шығатын мұнайға баж алымын көбейтті


Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша, экспортқа шығарылатын шикі мұнай және мұнайдан жасалған тауарларға салынатын кедендік баж алымы көбейтілді. Бүгін ресми баспасөзде шыққан Үкімет қаулысында мұнайдың әр тоннасы үшін алынып келген баж алымы 109,91 доллардың орнына 203,8 долларға, ал мұнай экспортына ренталық салық төлеушілер үшін әр тоннадан алынатын баж мөлшері 27,43 доллардан 121,32 долларға дейін ұлғайтылатыны айтылған.

Үкімет қаулысы енді 30 күннен соң күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG