Ресейдің екі Ту-160 стратегиялық бомбалаушысы Венесуэлаға қонды. Ресейдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бомбалаушылар Венесуэлаға жаттығу өткізу мақсатымен ұшып барған. Бұл ұшақтар ядролық қаруды тасымалдай алады. Бірақ Ресейдің әскери әуе күштерінің баспасөз-хатшысы Владимир Дриктің мәлімдеуінше, әлгі ұшақтардың ішінде қарулар жоқ. Венесуэла президенті Уго Чавес Ресей ұшақтарының мақсатын АҚШ-тың ықпалына қарсы тұру әрекеттерінің бір бөлігі деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?