Ресей Cыртқы істер министрлігі нашарлап бара жатқан Мәскеу-Киев қарым-қатынастарына алаңдаушылық білдірді. Министрліктің мәлімдемесінде, Украинаның жүргізіп отырған саясаты “достық емес” деп бағаланған. Ресей әсіресе өткен айдағы қақтығыс барысында Киевтің Грузияны қолдағандығына байланысты алаңдаушылық танытып отыр.