Яап де Хооп Схеффер мырза келесі аптада НАТО-ға мүше 26 мемлекеттің елшілерімен бірге Гори қаласына және басқа да жерлерге ат басын тірейді. Олар осы сапарлары арқылы Грузияға қолдауларын көрсетпекші. Бас хатшы бұл жөнінде бүгін Латвияға жасаған сапарында мәлімдеді.