Солтүстік Вазеристанда кем дегенде 10 адам зымырандық шабуылдан қаза болды. Хабарларға қарағанда, ол зымырандарды Ауғанстандағы АҚШ жасақтары атқан болуы мүмкін деген болжам бар. Әзірге АҚШ тарабы бұл оқиғаға байланысты түсіндірме берген жоқ. Мұндай шабуылдарға Пәкістан үкіметі мен әскерилері қарсы пікір айтуда.