Accessibility links

Балтық елдеріне қорғаныс жоспары қажет емес


НАТО-ның Бас хатшысы ұйымға мүше Балтық бойы елдері үшін арнайы қорғаныс жоспарын жасаудың еш қажеті жоқ деді. Яап де Хооп Схеффер бүгін Латвия астанасы Ригаға сапары кезінде Латвия, Литва және Эстония сыртқы істер министрлерімен кездесті. Оның барысында Ресейдің Грузияға шабуылынан кейін әлемде қалыптасқан теке-тірестер жайы талқыланды. Мәскеудің басқыншылық ниеттеріне бұл елдер алаңдаулы.
XS
SM
MD
LG