Accessibility links

Oрыс әскері Поти мен Синакиден кетіп жатыр


Бүгін Ресей әскері Грузияның Поти порты мен Синаки қаласының төңірегіндегі 5 бақылау-күзет посттарынан кете бастады. Оны Грузия басшылығы растады.
Тілшіміздің хабарлауынша, Грузияның Оңтүстік Осетияға жақын шығыс аудандарындағы әскери бөлімдер Еуропа бақылаушылары келгенше қалады.
Ресей мен Франция президенттері Дмитрий Медведев пен Николя Саркозидің орыс-грузин жанжалын үйлестіру жөніндегі келісімінің тарауы бойынша, әскерді шығару дүйсенбіде аяқталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG