Accessibility links

Грузия: Мәскеумен музыка арқылы күресу


Мәскеу –Тбилиси жанжалынан кейін зиялы қауым - Грузия мәдениетінің өкілдері, әнші, сазгерлер ән-жыр мен түрлі бағдарлама арқылы ұлтты жігерлендіріп, жауды жасыта түсуге ұмтылды.

Тамыз айында Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияға қатысты Мәскеу мен Тбилиси арасында болған қақтығыс әскери майданнан гөрі кеңірек бір ұғымға ие болды десек артық айтқандық болмас.

"Грузия, Грузия, қиын кезеңде мықты бол, жауыңмен күрес, шындық үшін арпалыс" деп айтылады гурзин тілінде шырқалатын әндердің бірінде.
Тамызда бес күнге созылған Ресей – Грузия жанжалында ашу мен ыза кернеген Тбилисиде Грузияның 44 белгілі әншісі мен артистері жазған бұл шығарма парламент ғимаратының сыртындағы шеруде шырқалды.

Тамыздың 12-і күні наразылық шеруінде сөйлеген сөзінде заң шығарушы Георги Габашвили әнді мақтап, ол грузиндерді қиыншылық кезеңде ерік-жігерге шақырды деп атап көрсетті.
Грузияның мәдениет және спорт министрі Георги Габашвили (оң жақта) Босқындар ісі жөніндегі министр Георги Кевиашвилимен бірге, Тбилиси, 17 мамыр, 2007 жыл


-Достар, тек елестетіңіздер. Біздің әскерлер жақын жерде тұр, отандастар, әртістер мен мәдениет қызметкерлері қолдан келгеннің бәрін жасауда. Сазгерлер мен артистердің бір тобы бүкіл Грузияны, біздің жауынгерлерді, қалаларымыз бен ауылдарымызды ерлікке шақырып, бойына күші-жігер құю үшін шығарды бұл әнді,- деді ол.

Жақын жылдардан бері Грузия өзінің саясатына мәдениет қайраткерлерін, сахна жұлдыздарын жиі пайдаланатын болды.
Өткен жылы поп-әншісі Нини Бадурашвили Грузия жасақтары алдында сепаратистік Абхазия аймағын қайтару туралы ән шырқаған болатын.
Жақындағы Ресеймен қақтығыс бұл бағытты одан сайын бекіте түскендей. Телевизиялық бағдарламаларда белгілі актерлер ұлт ақындарының партиотизмге шақыратын өлеңдерін оқып ,елді жігерлендіріп, рухтандырып отырды.

Дегенмен де мұндай шығармалардың бәрі бірдей грузиялықтарды еркітендіріп, рухын көтере бермейді, олардың кейбірі Ресейді келемеждеуге, мазақтауға арналған.
Әнші - сазгерлер Темо Ртсиладзе мен Зура Дожиашвили "Ресей 2008" деп аталатын әнде Ресейдің бітімгершілік күштерін скинхедтермен салыстырады.
Бұл әннің мазмұны бейнетаспасымен де толықтырыла түскен, онда В.Путиннің және орыстардың келемежденген бейнелері бар. Аталған әнді бейнетаспамен бірге бірқатар арналар, оның ішінде Рустави 2, ұлттық арнасы да көремендерге ұсынды.
Ресейде оншақты жыл тұрған осы әннің ауторы, сазгер Ртсиладзе шығарманың айтайын деген ойы ресейліктерге Кремль агрессиясының қаншалықты қауіпті екендігі жайында ескерту болып табылады деп, оны қорғайды.
Дегенмен де, мұндай шығармадан оны тыңдағанның бәрі бірдей жақсы әсерде қалмаған сияқты. Грузияның қоғамдық қорғаушысы Созар Субари Ресейге қарсы мұндай дүниелер грузин қоғамының өз ішінде ксенофобияның етек алуына ықпал етеді деп, хабар таратушыларды, телерадио арналарын оны көрсетуден бас тартуға шақырады.
XS
SM
MD
LG