Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыста үш адам опат болды


Елдің оңтүстігінде БҰҰ-ң екі дәрігері мен олардың жүргізушісі көлік бомбасы шабуылында қаза тапқан.
Кандағар провинциясы полициясының жетекшісі Мұтулла Хан жанкештілік жарылыстың жексенбі күні Пәкістан шекарасына жақын жердегі Спин Болдак қаласына жақын жердегі базарда жасалғанын айтқан.
Кемінде 15 адам түрлі жарақат алды.
Рейтер агенттігі жарылыс жауапкершілігін өз веб парақшасында Талибан қозғалысы мойнына алды деген хабар берді.
XS
SM
MD
LG