Өткен аптада Қазақстанда арнайы жүргізілген шара қорытындысында заңсыз қару ұстаған 5535 адам анықталып жауапқа тартылды деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Құқық қызметкерлері тәркілеген тіркеуде жоқ 800-ден астам қарудың арасында қолдан жасалған 23 қару табылған.
Арнайы операция барысында жеке иелігінде атыс қаруы бар 105 мың азамат тексерілген.