Accessibility links

Лавров Оңтүстік Осетияға барады


Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Грузияның жікшіл республикасы Оңтүстік Осетияға барады. Өткен айда осы аймақты өз бақылауына алмақ болған Грузияны тоқтату үшін Ресей ол жерге өз күштерін жіберген болатын. Кейінірек ресми Мәскеу Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындады.
Ресейдің бұл қадамын Грузия мен Еуропа Одағы және АҚШ сынға алды. Ал жексенбі күні Лавров Абхазия жетекшісі Сергей Багапшпен кездесті.
XS
SM
MD
LG