Accessibility links

БҰҰ Ауғанстандағы шабуылды айыптады


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги-мун Ауғанстанда БҰҰ-ның көлігіне жасалған жанкештілік шабуылды айыптады. Жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Спин Болдак қалашығында болған әлгі шабуылдан жүргізуші мен 2 жергілікті дәрігер қаза тапқан-ды.
Дәрігерлер БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеген. Шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойынына алып отыр.
XS
SM
MD
LG