Accessibility links

ЕуроОдақ Грузияға бақылаушыларын орналастырмақ


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Грузияға 200 бақылаушының орналастырылуын ресми түрде мақұлдады.
Ресей Грузияның қос жікшіл аймағы – Оңтүстік Осетия мен Абхазияның айналасында “буфферлік аймақтарын” құрған болатын. Бақылаушылар осы аймақтарға қазан айының басында орналастырылмақ. Сонымен қатар, бүгін Брюсселде ЕуроОдақтың сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Уалднер Еуропа комиссиясы Грузияға көмек ретінде шамамен 500 миллион еуро береді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG