Accessibility links

Мемлекеттік тілді қолдаушылар митинг өткізеді


«Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі қыркүйектің 21-і күні Алматыда митинг өткізуге қала әкімшілігінен рұхсат алып отыр. Митингте Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы айтылмақшы. Бұл туралы бүгін журналистерді хабардар еткен бірлестіктің төрағасы ақын Мұхтар Шаханов жиынға қатысуға елдегі барлық қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға, тіл жанашырларына шақыру жолданғанын хабарлады. Мұндай бастамаға алғашқы болып үн қосқандардың арасында «Ұлт тағдыры» қозғалысы, «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары бар.

Қазақстанда «Тіл туралы» заң алғаш рет осыдан 19 жыл бұрын – 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде қабылданды.

XS
SM
MD
LG