Ол жолы Алматының Шаңырақ, Бақай, Қарасу, Красный Трудовик секілді елдімекендердегі сот шешімімен заңсыз салынған деп танылған үйлердің және Алматыдағы бірқатар жатақханалардың тұрғындары баспана мәселесі бойынша талайдан созылып келе жатқан дауды шешіп беруді қала әкімірнен сұрап барған болатын. Тұрғындар құқық органдары мен жекелеген кәсіпорындардың күзет қызметкерлерінің қарапайым адамдарға әлімжеттік жасап, қол жұмсауын тоқтатуды және соның алдында әкімшілік жауапқа тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке абақтыға қамалған тіркелмеген «Талмас» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айнұр Құрмановты босатуды талап еткен еді.