Accessibility links

АҚШ үкіметі тағы бір жеке компанияны сатып алады


Американың сақтандыру саласындағы алып American International Group (AIG) компаниясын банкроттықтан сақтау үшін АҚШ үкіметі 85 миллиард доллар төтенше несие беруге келісті. АҚШ-тың Орталық банкі болып табылатын Федералдық қор жүйесі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Эй-Ай-Джи компаниясының 80 пайыздай акциясын үкімет сатып алады.
Ақ үй хабарлағандай, президент Джордж Буш қаржы саласын тұрақтандыру үшін және ірі компания банкротқа ұшырап, бүкіл экономикаға кері әсер етуіне жол бермеу үшін осы келісімді мақұлдады.
АҚШ үкіметінің Эй-Ай-Джи компаниясына несие беретіні хабарланған соң, бүгін Азия нарығындағы бағалар мен мұнайдың бағасы өсті.
XS
SM
MD
LG