Accessibility links

Украина парламенті біртіндеп тарап жатыр


Украина парламенті – Жоғарғы Раданың спикері Арсений Яценюк қызметтен кетуге өтініш берді.
Парламенттің бүгінгі отырысында Яценюк өтінішін регламенттік комитетке жіберетінін хабарлады. Комитет оның өтінішін қарап болғанша, Яценюк спикер міндетін атқара береді.
А.Яценюк – Жоғарғы Радаға президенттің "Наша Украина – Народная самооборона" блогынан сайланып, Юлия Тимошенконың блогімен бірге парламенттегі басым дауысқа ие болды.
Сейсенбі күні демократиялық коалицияның ыдырағаны ресми түрде жарияланған еді.
XS
SM
MD
LG