Accessibility links

Тәжин Соланамен кездесті


Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин кеше Парижде Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Хавьер Соланамен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жайы талқыланған. Сондай-ақ, М.Тәжин Қазақстанда жақында қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасымен Х.Солананы таныстырды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі бұл жолы Парижге «Еуроодақ үштігі – Орталық Азия» форматындағы жиынға қатысуға барған.

XS
SM
MD
LG