Accessibility links

Бірқатар аймақтарда күн суытады


Таяу күндері Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа райы салқындайды деп ескертеді Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде 0-3 градусқа дейін суық түсіп, кей жерлерде секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады деген болжам жасалып отыр.

Осындай қатты жел Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ шаңды боран Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанда болуы ықтимал.


XS
SM
MD
LG