Әзірбайжанда президент сайлауы алдындағы науқан басталды. Биліктегі партия қазіргі президент Илхам Әлиевті қолдау мақсатында Бакуде шеру өткізді. Саяси талдаушылардың айтуынша, қазанның 15-де өтетін президент сайлауында Әлиев оңай жеңіске жетеді. Адам құқығын қорғаушы топтар Әлиевтің үкіметін оппозиция мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңбұзушылықтар үшін жиі сынға алады. Сайлауға Әлиевтен басқа 6 үміткер тіркелген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV