Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузияға қосымша бақылаушы жіберу жөніндегі Ресеймен келіссөздер тоқтап қалды деп хабарлады. Аталмыш ұйым Грузияға 80-ге жуық қарусыз әскери бақылаушысын жіберуді жоспарлаған еді. Бірақ бұл ұйымның Тұрақты кеңесінің төрағасы Финляндия сыртқы істер министрі Анти Туруненнің айтуынша, бір айға созылған келіссөздерге қарамастан қатысушы жақтар бүгін келісімге келе алмаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты